Той иелері мобильдік топ өкілін қуып шықты (видео)

Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларына қарамастан, той тойлағандар қатары артқан.
Күнгей ықшам ауданындағы Шолпан Жандарбекова көшесіндегі зәулім үйде той жасалып жатыр деген хабар Сенім 109 телефонына түскен.
Оқиға орнына жетіп барған мобильдік топ өкілін місе тұтпаған той иелері оны үй ауласынан күштеп шығарып лақтырып жіберген.
Тіпті мобильдік топ қасында тұрған полиция қызметкерін де итеріп шығарып, дөрекілік танытқан. Үй қожайындары мобильдік топты «сендер ешкім емессіңдер » деп тойын әрі қарай жалғастырған. Осыдан кейін екі полиция маманы мен мобильдік топ өкілі полиция жасағын шақырып барып, тойды тоқтатқан. Той иелеріне айыппұл салынған. Демалыс күндері мобильдік топ қаланың бірнеше мейрамханасында болып жатқан тойды тарқатқан.