Тойханалар стационарға айналуы мүмкін

Үнемделгенқаржы медицинаға жұмсалатын болады
Шымкентте карантин жарияланғалы бері қаңыраптұрған тойханалар коронавирусқа, пневмонияға шалдыққан науқастарға арналған стационарлық орталыққаайналуы мүмкін.
Дәлірегі, осындай ұсынысты тойхана иелерінің өздері білдіріп отыр.
Бірақ қала әкіміМұрат Әйтеновтің пікірінше, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттігіжоқ. Өйткені бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтажбарлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орын бар. Індеттің таралуы өсіп,науқастар көбейген жағдайда әкімдік мейрамханаларды, тойханаларды провизорлықстационар ретінде пайдалануға болады.
– Қазіргі таңда Шымкент қаласыәкімінің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауынадайындық жұмыстары жүргізілуде. Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастардыемдеуге 7 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте үлкенсұранысқа ие дәрі-дәрмектермен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен және компьютерліктомографиямен қамтамасыз ету мәселесішешілетін болады. Күзде эпидемиялықжағдай нашарлап, індеттің екінші толқыны басталатын болса, біз сол жағдайғадайын болуымыз керек. Сондықтан қазір кәсіпкерлердің өздері ұсынған қаладағыірі ғимараттарды қарастырып жатырмыз. Жағдай күрделенер болса, шұғылпровизорлық орталықтарды ұйымдастыруға дайынбыз. Бүгінгі таңда науқастардыемдеуге арналған қосымша 3000 орын дайындадық. Жақын арада кәсіпкерлер ұсынғанғимараттардан да дәл сондай төсек-орындар дайындамақпыз, – деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарыЕрбол Садыр.
Үшінші мегаполисте сондай-ақ қазынаның үнемделгенқаржысын медицина саласына беру жөнінде шешім қабылданды. Жуырда Шымкентқаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басымдыемес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайтақарады. Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 миллион теңге оңтайландырылды.Қысқартылған шығынның ішінде техникалыққұралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруғаарналған қаржы бар. Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханалардыдәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылапайтқанда, 1 647,5 миллион теңгелік дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға,медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпентасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға жұмсалса, 236,3 миллион теңге қаланыдезинфекциялау жұмыстарына, ал 2 050 миллион теңге қаладағыжұқпалы аурулар госпиталының құрылысына берілген.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жақында эпидемиологиялықжағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы, 7 214,6 миллион теңгені оңтайландыружоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру, абаттандыру,қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылысжұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Бұл қаржы да денсаулық сақтау саласыныңматериалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
Мұрат Әйтеновтің үкімет отырысында жасағанбаяндамасына қарағанда, Шымкент қаласында 21 шілде күнгі мәлімет бойыншаCOVID-19 ауруымен науқастанған 4453 жағдай тіркелген. Өткен тәулікте 43 вирусжұқтырған науқас анықталып, өсім 1пайызды құрады. Жазылып шыққандардың саны 2770-ті құрады. Яғни дертжұқтырғандардың 62 пайызы емделіпшыққан. Әкімнің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырумақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша3050 төсек-орын ұйымдастырылып, орынсаны 3860-қа жеткізілген. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3210 провизорлық төсек-орын.Олардағы реанимациялық 30 төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылған. МұратӘйтенов сондай-ақ тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушыларсаны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендегенін,стационарлардағы төсек-орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенін хабарлады.
Айта кетері, бұған дейін белгілі болғандай,Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланыстыжеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды. ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күртөсуіне байланысты қала әкімдігі спорт кешенінен күндізгі стационар ашқанболатын. Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді.Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес тәуліктестационарға келушілер саны күніне 25 адамға дейін азайған.
Сондай-ақ емханалар жанындағыкүндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталғанспорт кешеніндегі стационар қызметінежүгіну қажеттігі төмендеді. Осы себепті қала әкімдігі жеңіл атлетикааренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп,ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.
Б.ЕРНАЗАР
Шымкент қаласы