15:35, 06 Қаңтар 2026
Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Айта кетейік, жақында Тоқаев алдағы жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған еді.
Президент Жолдауында айтылған бастаманы нақтылай келе:
"Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру қажет. Осыған байланысты 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Озық технологияларды енгізу еліміздің барлық саласындағы әлеуетін арттырады", – деді Тоқаев.
Сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында әрбір баланың есепшотына қаржы үшінші рет аударылатыны айтылды.