Тоқаев: Арал теңізін сақтау – бүкіл адамзат үшін өзекті міндет
Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Арал теңізі мәселесінің жаһандық маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтпағанын және бір ғана елдің шеңберінде шешілмейтінін айтты.
"Арал мәселесін айналып өту мүмкін емес. Арал теңізін сақтау – әлі күнге дейін бүкіл адамзат үшін аса өзекті міндет болып отыр. Мен бұл мәселені халықаралық алаңдарда бірнеше рет көтердім, - деді Президент.
Солтүстік Аралды сақтап қалу мүмкін болды
Тоқаевтың айтуынша, көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде Солтүстік Аралды сақтап қалу мүмкін болды. Мемлекет басшысы теңізді қалпына келтіру жобасы басталғалы бес жыл өткенін еске салды.
Президент бұл жетістікті экологиялық саясаттағы маңызды қадам ретінде атап өтті.
Халықаралық қауымдастықтың рөлі маңызды
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтіп, бұл іске халықаралық қауымдастықты кеңінен тарту қажет екенін жеткізді.
" Арал проблемасын шешу тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асуы тиіс", - деді Президент.
Айта кетейік, Қызылордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.