Тоқаев Азия чемпиондары болған қазақстандық боксшы қыздарды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады.
Президент Азия чемпионы атанған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецке арнайы құттықтау жолдап, олардың жоғары шеберлігі, жеңіске деген жігері мен отансүйгіштігін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық құраманың барлық мүшесіне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында жаңа жеңістер тіледі.
Азия чемпионаты 9 сәуір күні Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпы медаль есебінде екінші орын алды.
Қазақстандық спортшылар барлығы бес медаль жеңіп алды:
-
2 алтын — Дина Исламбекова, Надежда Рябец
-
1 күміс — Бақыт Сейдіш
-
2 қола — Айгерім Саттыбаева, Валентина Хальзова
Бірінші орынды Үндістан құрамасы иеленді (4 алтын, 2 күміс, 4 қола), ал үшінші орын Қытай спортшыларына бұйырды.
Жалпы турнирге Азияның тоғыз елінен спортшылар қатысты.