Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:44

Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады

Тоқаев
Фото: Ақорда

Шығыстану ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар ғалымдарға жоғары марапаттар табысталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ш. Уәлиханов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлын ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы, сондай-ақ филолог Айнұр Әбиденқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.

Жоғары марапаттар шығыстану саласының дамуына қосқан зор үлесі, синология бағытындағы іргелі зерттеулері, еліміздің тарихына қатысты жаңа дереккөздерді ғылыми айналымға енгізуі, мәдени құндылықтарды насихаттауы және Қазақстан мен Қытай арасындағы тарихи байланыстарды нығайтудағы ерекше еңбегі үшін берілді.

Осыған орай Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапаттар олардың көпжылдық жемісті ғылыми қызметінің нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушы ғалымдардың отбасына шығармашылық табыс пен амандық тіледі.

Бұған дейін, кәсіби мереке қарсаңында Президент ғылым саласында елеулі жетістіктерге жеткен және жоғары білімнің дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдарды марапаттаған болатын.

Тегтер: