Тоқаев бірнеше елге жаңа елші тағайындады
Тоқаев Таяу Шығыс елдеріне және Батыстағы бірнеше елге жаңа елшілерді тағайындады.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Асқар Жеңіс тағайындалған. Ал, Дәулет Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылған. Оның орнына Португалияға елші болып Жан Ғалиев тағайындалған.
Бұдан бөлек Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбай Ирак пен Палестинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалған.
Айта кетейік, президент 5 қарашада еліміздің бірнеше елшісін қызметінен босатқан болатын.