Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:35

Тоқаев: Экономикалық интеграция Қазақстан мүддесіне сай әділетті болуы тиіс

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде халықаралық ахуал күрделенген жағдайда Қазақстанның стратегиялық экономикалық серіктестерімен өзара іс-қимылының тиімділігі мәселесіне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық интеграцияны қолдайтынын, алайда бұл үдеріс ұлттық мүдделерге сай әділетті сипатта болуы керектігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан биыл Еуразиялық экономикалық одақ-қа төрағалық етеді. Осыған байланысты негізгі басымдықтардың бірі – жасанды интеллектіні кеңінен енгізу арқылы еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру, сондай-ақ саудадағы кедергілер мен негізсіз протекционизмді жою.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында қалыптасқан жағдайға назар аударды. Оның айтуынша, ЕАЭО елдерінен келетін субсидияланған өнімдер қысымынан отандық азық-түлік өнеркәсібі өндірісті қысқартуға мәжбүр болып отыр, бұл азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Президент Үкіметке ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өзара мүдделердің әділетті тепе-теңдігін табу қажет. Қазақстанның ұстанымын сауатты әрі дәлелді түрде қорғауымыз керек. Тек сонда ғана экономикамыз халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болады, — деді Мемлекет басшысы.