Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:17

Тоқаев Гренландия төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Тоқаев
Фото: скриншот

Мемлекет басшысы The News Pakistan басылымына берген сұхбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесін халықаралық құқық пен парасатты шешімдер аясында қарастыру қажет екенін айтты.

Президенттің сөзінше, қазіргі әлемдік тәжірибеде мемлекеттердің өзара тиімділік негізінде аумақтарды немесе стратегиялық нысандарды ұзақ мерзімге жалға алуы кездеседі.

Осы орайда Тоқаев АҚШ пен Дания арасында Гренландияны 120 жылға жалға беру туралы келісім жасалуы мүмкін деген болжамды алға тартты.

Бұл жағдайда Гренландия заңды түрде Данияның құрамында қала береді, яғни аралдың егемендігіне нұқсан келмейді.

Ал келісім шарттары тараптардың ортақ стратегиялық мүдделеріне сай айқындалуы ықтимал.