Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Тоқаев Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне тапсырма берді

Ақорда
Фото: akorda

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік ведомстволар мен тиісті министрліктер басшыларымен бірлесіп, Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуін және еліміздегі тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін белгілерді ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау жоспарын әзірлеп ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық күштік ведомстволар тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен арнайы мониторингтік топ жұмысын бастады.

Сондай-ақ өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.