Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 29 Шілде 2024

Тоқаев «Қаңтар оқиғасын» тергеген Қалқабаевты қызметінен босатты

s
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевт Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевты қызметінен босатты. 

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл шешімнің себептері туралы мәлімет жоқ. Қалқабаев 62 жаста және ол зейнеткерлікке шығуына байланысты ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен кетуі мүмкін еді.

Қалқабаев қауіпсіздік органдарында 40 жыл қызмет етті. Ол 2013 жылдың қазанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болды. Бұған дейін ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-шы тергеу басқармасында жұмыс істеп, Астана қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған.

Сонымен қатар оның қаңтар оқиғасын, соның ішінде мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісін тергеуге қатысқаны айтылады. 

Айта кетейік, «Қаңтар оқиғасынан» кейін Мәсімовтің бұрынғы төрт орынбасары сотталып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.