13:00, 28 Желтоқсан 2023
Тоқаев Қайрат Сұнтаев пен Ерлан Оразбайды қызметтерінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Сұнтаевты Ішкі істер вице-министрі қызметінен, Ерлан Оразбайды Президент Істері Әкімшісінің орынбасары қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Имятұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен, Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұл қызметтерде Қайрат Сұнтаев 2020 жылдың наурыз айынан, ал Ерлан Оразбай 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді.