Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:38

Тоқаев қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Ұлдана Мырзуан
Фото: из открытых источников

 Тоқаев Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны, төтенше жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Астана қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Мырзуан (қаза тапқаннан кейін) “Ерлігі үшін” медалімен наградталды», – делінген Ақорда ақпаратында.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Оқиға 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар үйінді астында қалған. Оларға көмекке бірінші болып Ұлдана жеткен. Ол бірден қираған плиталардың астынан балаларды тартып шығарып, өмірлерін сақтап қалған.

Алайда арада бірнеше секунд өткенде дәл сол жерге кондиционер құлап, фельдшердің үстіне түскен.

10 күн бойы дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресті. Ұлдана жансақтау бөлімінде «өте ауыр» жағдайда жатты. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол қаза тапқан.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиғадан кейін бірден «Сапасыз құрылыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін тергеуге тағы бір бап — «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету» қосылған.

Қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары құрылыс сапасына жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуді талап етіп жатыр.