Бүгін, 16:00
Тоқаев Куба Президентін ұлттық мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революция жеңісі күніне орай Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын құттықтап, жеделхат жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Куба мен Қазақстан арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да екі халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске жауапты қызметінде табыс тілеп, кубин халқына амандық пен өркендеу тіледі.