Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:00

Тоқаев ЛГБТ насихатына шектеу қоятын заңға қол қойды

Тоқаев
Фото: Ақорда

Тоқаев архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аталған заңның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Еске салсақ, бұған дейін Парламент Сенаты заң жобасын екі оқылымда қарап, архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

Заң балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында әзірленген. Құжатта қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруды шектеу нормалары көзделген.

Қабылданған түзетулер тоғыз негізгі заңға әсер етеді. Олардың қатарында баланың құқықтары туралы, жарнама, байланыс, мәдениет, білім беру, кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар бар.

Заңда алғаш рет «дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау» ұғымына анықтама беріліп, мұндай мазмұнды масс-медиа, онлайн-платформалар мен телекоммуникациялық желілерде таратуға шектеу енгізіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл шаралар қоғамның, әсіресе кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге және құқыққа қайшы контенттің алдын алуға бағытталған.