Бүгін, 11:15
Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент 2025 жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды», – делінген ресми хабарламада.
Мемлекеттік стипендия берілген азаматтардың толық тізімі Ақорданың ресми сайтында жарияланған.