Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:41

Тоқаев Назарбаев пен Путин кездесуіне қатысты пікір білдірді

Назарбаев пен Путин
Фото: скриншот

Қоғам арасында жақында Назарбаев пен Путиннің кездесу талқыға түсті. Президен "Түркістан" басылымына берген сұхбатында оған да тоқталып өтті. 

«Тұрақты түрде өтетін кездесулер бейресми сипатта болады. Бұл жайтты ресейлік президент өзі де атап өтті. Санкт-Петербургтегі соңғы кездесуде Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өтініші бойынша қабылданатынын айтты. Сенбі күні, жұмыс жүктемесі өте көп болуына қарамастан, Путин Қазақстанның тұңғыш президентімен әңгімелесуге уақыт таба білді. Путин оны еуразиялық интеграцияның негізін қалаған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды, оның құрамында Ресей басым рөл атқарады. Бұл кездесу Владимир Путиннің жоғары адами қасиеттерін көрсетеді», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, «Turkistan» газеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас редактор Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбатын жариялады. Президент елдің ішкі және сыртқы саясатына, әлеуметтік-экономикалық дамуына және өзге де өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.