Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:08

Тоқаев орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды

1
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында бірнеше адамды қызметінен босаттты. Сенат депутаттары да бір адамды қызметінен алды.

Олардың орнына Азамат Айманақумов және Михаил Бортник тағайындалды.

Азамат Айманақумов бұрын Атырау облысының сайлау комиссиясына жетекшілік еткен. Ал Михаил Бортник – 2022 жылдан бері жоғары аудиторлық палата мүшесі.

Бұдан бөлек, бейсенбі күні сенат қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованы қызметінен босатты. Оның орнына мемлекеттік "Хабар" телеарнасы төрағасының бұрынғы орынбасары Ләззат Сүйіндік тағайындалды.

Орталық сайлау комиссиясының төрт мүшесі болады. ОСК екі мүшесін президент, екеуін Парламент тағайындайды. Олардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда аудан әкімдерімен облыстық маңызы қалалар, яғни облыс орталықтары әкімдерін сайлау науқаны басталады

Тегтер: