Бүгін, 15:01
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында Мемлекет басшылары алдағы уақытта өтетін Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
Тараптар Мәскеуде жоспарланған келіссөздердің екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, әлемдегі қазіргі жағдайдың кейбір өзекті аспектілері де сөз болды.
Бұған дейін Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президентінің алдағы сапарына дайындық жүріп жатқанын хабарлаған болатын.