Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында мемлекет басшылары дәстүрлі достық және өзара сенім рухында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүйелі түрде орындалып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету бағытындағы жұмыстарға оң баға беріліп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңыздылығы айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын растады.
Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.