Бүгін, 17:41
Тоқаев Путиннің резиденциясына жасалған шабуылды айыптады
Қазақстан және Ресей президенттері Жаңа жыл алдында телефон арқылы сөйлесті.
Қос президент жыл қорытындысын талқылап, екіжақты қатынастар үшін бұл жылдың нәтижелі әрі жемісті болғанын атап өтті.
Тоқаев Украина бойынша келіссөздердің барысын құптап, бейбітшілікке тек саяси және дипломатиялық жолмен қол жеткізудің маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар ол Ресей Президенті резиденциясына жасалған шабуылды айыптап, мұндай әрекеттер бейбітшілікке жеткізбейтінін және саяси шешім іздеуге ешқандай көмек бермейтінін атап көрсетті.