Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 17 Қазан 2024

Тоқаев Ресейдің әскери тұрғыда жеңілмейтінін тағы да айтты

и
Фото: Ақорда

Президент Тоқаев Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде айтты.

Ол қақтығысты бейбіт түрде шешу үшін Қытай мен Бразилияның жоспарларын қолдайтынын тағы бір мәрте айтты.

Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халықтың қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, соғыс қос тарапты да жойып тынады. Кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар. Бірақ бұл тығырыққа тірейтін жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі, – деді Президент.