Бүгін, 16:52
Тоқаев «Русская медная компаниясының» негізін қалаушымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Русская медная компания негізін қалаушы Игорь Алтушкинмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстандағы тау-кен металлургия саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Президентке «Русская медная компаниясының» еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуаттарын дамыту жоспарлары және холдинг жұмыс істейтін өңірлердегі әлеуметтік міндеттерді шешу бағытындағы жұмыстары туралы ақпарат берілген.