Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:32, 12 Сәуір 2024

Тоқаев шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандық ғалымдарды елге шақырды

в
Фото: из открытых источников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырды. 

Президенттің айтуынша, білімді адамдар, сұранысқа ие ғалымдар жақсы жалақы, зерттеуге қолайлы жағдай іздеп немесе жай ғана жаңа тәжірибе үшін басқа мемлекеттерге жиі қоныс аударады. 

"Бүгінгі жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты қолдаймын және отандастарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырамын. Мемлекет өз тарапынан мұндай ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты көмек көрсетеді. Шетелде жұмыс істейтін ғалымдарды бұған дейін де шақырғанбыз. Осы мәселені мұқият ойластыру керек. Ғылым өзінің ауқымы мен сипаты жағынан жаһандық деңгейде болғандықтан бұл жерде жалаң патриотизмге берілу орынсыз. Әйтсе де Қазақстан ақыл-ойдың жаһандық бәсінен тыс қалмауы керек", - деді Тоқаев.

Тегтер: