10:05, 10 Қазан 2023
Тоқаев Щучьедегі студенттің өліміне қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Щучьедегі студенттің өліміне қатысты жауап берді.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
«Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы тиіс, бұл істі президент ерекше бақылауға алды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қазанның 6-сына қараған түні Щучьедегі теміржолдан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті Роман Бодаговтың мүрдесі Бурабай курорты мен Жамантұз аралығынан табылды.