Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:17

Тоқаев «сол жағалаулық адамдардың» санын қысқартуды тапсырды

тоқаев
Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар менеджерлерінің кейбірінің біліксіздігі мен салғырттығына бірнеше рет назар аударды. 

Президенттің айтуынша, ұлттық компаниялардың басқару құрылымын қайта қарап, басшылық құрамындағы «сол жағалаулық» деп аталатын бос жүрген адамдардан арылу қажет.

«Меніңше, басқарушы кадрлары шамадан тыс көбейіп кеткен компаниялардың құрылымын қайта қарау керек. Бұл – “сол жағалаулық адамдар” деп аталатындар. Түскі уақытта олар қонақүйлерде отырып, пікір алмасады, шай, кофе ішеді. Ашық айтайын, олар жұмыспен жүктелмеген, кейде мүлде ештеңе істемей зерігеді. Интернетте уақыт өткізіп, тіпті күмәнді пікірталастарға да қатысады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Үкімет мүшелерінің кейбірі ұзақ мәтіндерді оқудан қалып қойғанын атап өтіп, бұған тікелей кеңес берді.

«Интернеттің ықпалымен, сірә, ұзақ мәтіндерді оқу қиындап кеткен сияқты. Оның үстіне мәтіндер мен мақалаларды тыңдап алу мүмкіндігі пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметшіге жараспайды. Оқу керек, оқу керек және тағы да оқу керек. Әйтпесе зейнет жасына жеткенде қажетті когнитивтік қабілеттерден айырылып қалу қаупі бар», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: