10:10, 09 Қазан 2024
Тоқаев ТМД елдеріне жеңістің 80 жылдығын атап өтуді ұсынды
Президент Тоқаев келесі жылы ТМД елдеріне екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын атап өтуді ұсынды. Бұл туралы президент Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері кеңесінің жиынында айтты.
Бұл – Достастық елдерінің барлық халқын біріктіретін айтулы дата. Еркіндік пен әділдік салтанатының нышанына баланатын мазмұнды мереке. Біз әкелеріміз бен аналарымыздың, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз, – деді президент.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы ТМД-ға Тәжікстан Республикасынының төрағалық ету және кезекті саммитті Душанбеде өткізу туралы шешімді қолдайтынын жеткізді.