Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:54

Тоқаев "Торғай - Ырғыз" және батыстағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Автожол
Фото: из открытых источников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автожолдар құрылысын жеделдетуді тапсырды.

 Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

"Президент үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Президент Жолдауда Қостанай облысын арнайы атап өтіп, Торғай жеріне баса назар аудару керек екенін айтты. Мемлекет басшысы Арқалыққа биыл міндетті түрде баратынын және кезінде берген уәдесін орындайтын кез келгенін жеткізді.

Айта кетейік, автожол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталған болатын. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 865 шақырым.

Тегтер: