Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Тоқаев Трамптың Гренландияны басып алу туралы сөздеріне қатысты өз ойын айтты

Трамп пен Тоқаев
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәкістандық газетке берген сұхбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесіне халықаралық құқық пен прагматикалық шешімдер тұрғысынан қарау қажет екенін айтты. 

Аралды әскери оккупациялау мүмкін бе және қандай сценарий шынайы көрінеді деген сұраққа жауап берген мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеде мемлекеттердің өзара тиімділік үшін аумақтарды немесе стратегиялық нысандарды ұзақ мерзімге жалға алу жөнінде келісімге келетін мысалдар аз емес екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, ықтимал нұсқалардың бірі АҚШ пен Дания арасында Гренландия аумағын 120 жыл мерзімге жалға алу туралы келісім жасалуы мүмкін.

"Осы кезде Гренландия заңды түрде Данияның құрамында қала береді, яғни оның егемендігі бұзылмайды. Ал келісімнің практикалық қырлары ортақ стратегиялық мүдделерге сай болар еді. Диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу негізінде тараптар ақырында прагматикалық әрі өзара қабылданатын шешімге келеді деп шын жүректен үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: