Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Тоқаев Трамптың шақыруымен 18-19 ақпанда Вашингтонға барады

Тоқаев пен Трамп
Фото: Ақорда

18-19 ақпан 2026 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің (Board of Peace) инаугурациялық отырысына қатысады.

Қандай мәселелер талқыланады?

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, саммитте негізгі назар:

  • Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыруға;
  • бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тетіктерін әзірлеуге;
  • өңірге тұрақты гуманитарлық қолдау көрсетуге аударылады.

 

Бизнес өкілдерімен кездесулер

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев ірі америкалық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қаңтарда Тоқаев Дональд Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойғаны хабарланған еді.