13:41, 21 Қаңтар 2026
Тоқаев Трамптың шақыруымен Швейцарияға аттанады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтар күні Давосқа жұмыс сапарымен барып, Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қояды.
Бұған дейін Дональд Трамп Тоқаевты Газа бейбітшілік кеңесіне қосылуға шақырып, Қазақстанға жаңа халықаралық бастаманың құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуды ұсынған болатын.
Сондай-ақ жақында Беларусь президенті Александр Лукашенко да Бейбітшілік кеңесіне кіру туралы құжатқа қол қойғаны белгілі болды.