Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:10

Тоқаев Түрікменстан басшысын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Сердар мен Тоқаев
Фото: Ақорда

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің заманауи, беделді саяси тұлға ретінде Түрікменстанның мемлекеттілігі, әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықаралық беделін нығайтуға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Президент оның елін алға жетелеуге бағытталған көшбасшылық қасиеттерін ерекше бағалады.

– Бұл марапатты Түрікменстан халқына көрсеткен құрметіңіз, елдеріміз арасында ғасырлардан жалғасып келе жатқан берік достық пен тату көршіліктің белгісі ретінде қабылдаймын. Екі мемлекет халықаралық аренада тығыз әрі нәтижелі ықпалдастық орнатқан. Ынтымақтастығымыз өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде өзара түсіністіктің, бірліктің және қолдаудың жоғары деңгейін көрсетіп келеді, - деді Түрікменстан Президенті.

Тегтер: