Бүгін, 11:31
Тоқаев Вьетнам Президенті болып сайланған То Ламды құттықтады
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ел Президенті қызметіне сайлануымен құттықтады.
— Сайлаудағы жеңісіңіз қоғам тарапынан Сіздің Вьетнамның саяси және экономикалық дамуына, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық бастамаларыңызға жоғары қолдау бар екенін көрсетеді. Сіздің дана басшылығыңызбен ел жаңа, айтарлықтай жетістіктерге жететініне сенімдімін, — делінген жеделхатта.
Президент Вьетнамның Қазақстан үшін Азиядағы маңызды серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға сенім білдірді.