Бүгін, 13:18
Тоқаев вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
Мемлекет басшысы бұл қызметті Президенттің өзі тағайындайтынын және вице-президент лауазымын Конституцияда бекіту қажет екенін айтты.
Еске салайық, Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Бұған дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы құрылтай барысында сөз сөйлеп, Қазақстанның алдағы дамуындағы негізгі бағыттарды айқындайтынын хабарлаған болатын.