Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:34

Тоқаев жас хоккейшілерді Канададағы сенсациялық жеңісімен құттықтады

Хоккей
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

 Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турниріндегі жеңісімен құттықтады.

 Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент атап өткендей, қазақстандық клубтың бұл сенсациялық табысы – отандық спорт тарихындағы айтулы оқиға.

Құттықтауда команда шеберліктің жоғары деңгейін және жеңіске деген жігерін көрсеткені айтылған. Әсіресе, финалдық тартысты кездесуде хоккейдің отаны саналатын канадалықтарды жеңуі ерекше мәнге ие болды.

Мемлекет басшысы жас спортшыларға өз күшіне сеніп, табандылықпен жаттығып, алдағы уақытта да жарқын жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Турнир туралы

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament – әлемдегі ең ірі балалар хоккей турнирлерінің бірі. Жыл сайын ондаған елдің командалары қатысады.

Astana Team AA Elite дивизионында өнер көрсетіп, алты матч өткізіп, алтауында да жеңіске жетті. Жалпы есеп – 21:11.

Финалда қазақстандық команда «Нуар э Ор де Мортань» клубын буллит сериясында жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Тегтер: