Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:42

Тоқаев жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппты қызметінен босатты

с
Фото: taunews.kz

Президент Тоқаев Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппты қызметінен босатты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.

Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавлда дүниеге келген.

Құқықтану мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік университетін және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университетін бітірген.

Ол Петропавл қалалық сотының және Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. 2015 жылдан бастап ол Жоғарғы Соттың судьясына тағайындалды.

Ал, 2021 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған.

Тегтер: