Бүгін, 17:40
Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ы жұмыстан кететін болды
«Самұрық-Қазына» өкілі Нұрлан Жақыпов қазына қызметкерлерінің қысқартылуы тек әкімшілік және басқарушы саланың қызметкерлеріне қатысты екенін айтты.
Бұл шешім қызметкерлердің жұмыс көрсеткіштері негізінде қабылданатыны хабарланды.
Жақыпов өтемақы мәселесі әлі белгісіз екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол «кофе ішіп отыратын қызметкерлермен» де түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.