Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:37, 29 Қыркүйек 2020

Төлем карталарын дүкеннен сатып алуға болады

None
None

Шымкенттің қоғамдық көліктеріне электрондық билет жүйесін енгізіп жатқан  «QazSmartTrans» ЖШС басшысы Сержан Ақылбаевтың айтуынша, көлік картасының бағасы 500 теңге тұрады.

Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Төлем карталары қалада 3000-нан астам орында, дүкенде сатылады. Картаны банктердің банкоматтары арқылы, мобильді қосымшалар арқылы толтыруға болады.

«QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І — топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Бүгінде смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәлімет беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы ашылды.

Айта кетері, карталарға арналған стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап электрондық төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы -70 теңге, қолма қол төлеу -100 теңге болады.

Тегтер: