Тоналған Қазақстан
Қазақстан үкіметі Өскемен және Үлбі гидроэлектростанцияларындағы (ГЭС) мемлекеттің үлесін сатпақшы.
Атап айтарлығы, олар 1997 жылдан 2017 жылға дейін америкалық AES Corporation компаниясының концессиясында, яғни пайдалануында болған.
Америкалықтар 20 жыл бойы ешқандай инвестиция салмай-ақ, қазақ гидроэлектростанцияларынан түскен ақшаға қарық болып келді. Ал енді сол гидроэлектростанцияларға қажетті жөндеу жұмыстарын және модернизациялауды жүргізу үшін қаржы керек болған кезде сатуға шығара салды. Қазақстандағы электр энергиясын өндіретін ең ірі үш ГЭС-тің қазіргі жағдайы төмендегідей:
Бұқтырма ГЭС-і (675 МВт) 1997 жылдан бері Glencore International (Швейцария) компаниясының концессиясында;
Үлбі ГЭС-і (702 МВт) 1997 жылдан бері AES Corporation (АҚШ) компаниясының концессиясында;
Өскемен ГЭС-і (331 МВт) с 1997 жылдан бері AES Corporation (АҚШ) компаниясының концессиясында.
Бізде ГЭС-тер ғана осындай жағдайда деп ойлайсыз ба? Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай және газ кен орны. Ол соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны (6 млрд тонна мұнай қоры бар). Қашағандағы осындай зор байлықтың игілігін кім көріп жатқанын білесіздер ме?!
– AgipCaspian Sea B.V. (Eni, Италия, 16,807 пайыз);
– Total EP Kazakhstan (Франция, 16,807 пайыз);
– ExxonMobil Kazakhstan Inc. (АҚШ, 16,807 пайыз);
– Shell Kazakhstan Development B.V. (Ұлыбритания – Голландия, 16,807 пайыз);
– CNPC (Қытай, 8,333 пайыз);
– Inpex (Жапония, 7,563 пайыз);
Әдеп сақтап Қазақстанға да аздаған сыбаға беріпті: KMG Kashagan B.V. (16,877 пайыз).
Есесіне, бізде 20 мыңдық жаңа ақша шықты.