Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:11, 28 Тамыз 2021

Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Президент бұл туралы твиттер парақшасына жазды. «Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады» делінген хабарламада.

Тегтер: