Тоқаев 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі жан-жақты тексеруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бес жасар қыз өлімін жіті тексеруді тапсырды.
Құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр. Күдікті анықталды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, күдікті бұрын адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
«Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, Түркістан облысының полицейлері 13 шілдеде жоғалған баласы бар әйелдің арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен қыздың мәйітін тапты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.