11:33, 12 Қазан 2022
Тоқаев Ақордада Катар әмірімен кездесті
Ақорда резиденциясында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Жас Алаш.
"Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Қатардың әнұрандары орындалды", — делінген Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
