Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 27 Сәуір 2023

Тоқаев арандатушылар туралы: Шетелден әрекет етеді

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамға алауыздық тудыратын жалған арандатушылықтардың авторлары көп жағдайда шетелден әрекет ететінін айтты, — деп хабарлайды  Жас Алаш.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы түрлі бұрмалаулар немесе жалған және деструктив басылымдар көбейгенін мәлімдеді.

«Бірлігіміз бен ынтымағымызға нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтарды табанды түрде тоқтату керек. Қоғамдық ортада түрлі бұрмалаулар немесе жалған, деструктив басылымдар санының айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Олардың авторларының басым көпшілігінің Қазақстанға еш қатысы жоқ, шетелден әрекет ете отырып, қоғамымызға алауыздық тұқымын себуге тырысады. Олардың сөздері мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын тудыруға, адамдар арасында алауыздық тудыруға, мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: