Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:13, 26 Қаңтар 2023

Тоқаев Әшімбаевты Сенат спикері лауазымына ұсынды

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты Сенат төрағасы қызметіне ұсынды, — деп хабарлайды Жас Алаш  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", — деді Президент.

Тегтер: