Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:54, 05 Тамыз 2020

Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін тапсырма берді

ҚРсыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливандағы дипломаттар мен қазақстандықтардыңжағдайы туралы айтты.

«Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды.Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпараталғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінеЛивандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста,қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей,дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпынакелтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Ливанда БҰҰбітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді.Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандықбітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті», — деді МұхтарТілеуберді.

Еске салайық, Бейрутта 4 тамыздакешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардапшекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жылбойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.  Жарылыс кезінде Қазақстанконсулы зардап шекті.

Тегтер: