Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:11, 29 Маусым 2020

Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады

 Президент Қасым-ЖомартТоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысыБерік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусіндетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелгенміндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осығанбайланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласыныңәкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысыныңәкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгісжариялады. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкіміБ.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріА.Жұмағалиевке ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстаноблыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталғанмәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

Тегтер: