16:30, 05 Маусым 2023
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Мемлекет басшысы мына заңдарға қол қойды:
- «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы»;
- «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы».