09:25, 29 Мамыр 2023
Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Жас Алаш
«Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», — деп жазды Президент Twitter-дегі құттықтауында.