Тоқаев карантин режимін ұзартуды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялықахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді.
Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індетжұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратынадамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағыемделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағынауқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейінөскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтаужүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.
Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығужәне адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тестсынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажеттідәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілдінегізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердегі ахуалға жүргізілген күнделіктімониторинг жайында мәлімет берді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысынаинфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерінескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жолдарын баяндады.
Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әріарттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегіэпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып,Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңіменжеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.