14:20, 19 Қаңтар 2023
Тоқаев Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.
«Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек», — деді Президент.